Әрі қарай сессияның күн тәртібіндегі мәселелерге кезек берілді. Атап айтқанда, Тараз қалалық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы «2026-2028 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» №35-3 шешіміне өзгерістер енгізу, жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты шарттардың жобасына келісу, Тараз қаласы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту және «Тараз қаласы әкімдігінің дербес құрамына келісім беру туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2022 жылғы 4 ақпандағы №12-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелер жан-жақты қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.