Қазақстандықтарға зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу қиындай түсуі мүмкін

Бұл бағытта өзгерістер күтілуде.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев зейнетақы жинағының ең төмен жеткілікті шегінің өзгеруі мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Белгілі болғандай, бүгінгі таңда тиісті есептеулер жүргізіліп жатыр.

«Біз Ұлттық банкпен және мемлекеттік органдармен консультациялар жүргізіп жатырмыз. Жеткілікті шегін қандай деңгейге көтеретінімізді дәл қазір айта алмаймын. Шешім қабылданған кезде бұл туралы міндетті түрде БАҚ арқылы хабарлаймыз. Біздің мақсатымыз – азаматтарымызды қартайған шағында лайықты зейнетақымен қамтамасыз ету. Мұндағы логика қарапайым», – деді вице-министр.

Ербол Тұяқбаев зейнетақы жинағының ең төмен жеткілікті шегінің қанша мөлшерде және қашан өсетініне қатысты пікір білдірмеді. Спикер бұл меже 2026 жылы көтерілуі мүмкін екенін жоққа шығармады.

«Меніңше, мамыр айының соңына дейін қандай да бір шешімге келеміз. Биыл көтерілуі мүмкін бе дегенге келсек, иә, мүмкін», – деп атап өтті вице-министр.

Фото: gov.kz

Comments (0)
Add Comment