Сіздер су тасқыны кезеңінде судың қауіпсіз өткізілуін, вегетация кезеңінде егістік алқаптарына судың тұрақты жеткізілуін және гидротехникалық нысандардың сенімді жұмысын қамтамасыз етіп келесіздер.
Сіздерге адал еңбектеріңіз, іске деген жауапкершіліктеріңіз бен жоғары кәсібиліктеріңіз үшін шынайы алғысымды жеткізгім келеді. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз назардан тыс қалмайды. Министрлігіміз су саласы мамандарының мәртебесін арттыру бағытындағы жүйелі жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастыра береді.