Байзақтық Сәнім қол күресінен әлем чемпионы атанды

Байзақтық спортшы Сәнім Нышаналы үстіміздегі жылдың 12-22 қазаны аралығында мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында қол күресінен Түркия мемлекетінің Анталия қаласында өткен дүбірлі додада топ жарды.

Осылайша Сәнім Нышаналы қырқыншы мәрте өткізіліп отырған Әлем чемпионатында алтыннан жүлде тақты. Сәнім — Қазақстан Республикасының Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанған. Оны Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ильяс Жансақалов жаттықтыруда. Жеңімпазды жеңісімен шын жүректен құттықтап, алда талай биіктерді бағындырады деп сенеміз.

Comments (0)
Add Comment