Адам өмірі – ең басты құндылық

21 маусым – Медицина қызметкерлері күні

Құрметті медицина қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Адам өмірі мен денсаулығын қорғау – ең жауапты әрі ең қадірлі мамандықтардың бірі. Сіздер күн сайын жоғары кәсібилік, жанашырлық, төзімділік пен адалдық таныта отырып, халық денсаулығын сақтау жолында аянбай еңбек етудесіздер. Сіздердің біліктіліктеріңіз бен қажырлы еңбектеріңіздің арқасында мыңдаған адам сапалы медициналық көмек алып, өмірге деген сенімін нығайтады.

Дәрігерлерге, мейіргерлерге, фельдшерлерге, санитарлық қызметкерлерге және денсаулық сақтау саласының барлық мамандарына қоғам игілігі жолындағы өлшеусіз еңбектері үшін зор алғысымызды білдіреміз.

Сіздерге зор денсаулық, отбасылық бақыт, амандық, кәсіби табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз. Еңбектеріңіз әрдайым жоғары бағаланып, абырой-беделдеріңіз арта берсін!

Мерекелеріңіз құтты болсын!

Comments (0)
Add Comment