1 қыркүйек – жаңа білім мен үлкен армандардың бастауы

1 қыркүйек – жаңа оқу жылы басталып, мектептерде алғашқы қоңырау соғылатын ерекше күн. Бұл күн әсіресе мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін есте қаларлық сәт.
Кеше ғана балабақшада жүрген бала бүгін қолына гүл ұстап, мектепке алғашқы қадамын жасайды. Ал жоғары сынып оқушылары үшін бұл – жаңа мақсат қойып, болашақ мамандығына дайындалатын маңызды кезең.
Білім күні – тек сабақтың басталуы емес, жаңа мүмкіндіктердің бастауы. Оқушы жаңа білім алып қана қоймай, достар тауып, өз қабілетін сынап, қызығушылығына қарай түрлі үйірмелер мен жобаларға қатыса алады.
Бұл күнде ұстаз еңбегінің маңызы да ерекше. Мұғалім баласына пән үйретумен қатар, оның тұлға болып қалыптасуына, өзіне сенуіне және болашаққа мақсат қоюына ықпал етеді.
Аталған шараға аудан әкімі Жүнісбеков Нұрбол Әбдімажитұлы қатысып, жаңа оқу жылын бастағалы тұрған жас ізденімпаздарға сәттілік тіледі.
Оқушылардың есте қалар ерекше күнінде сөз алған аудан әкімі білім саласындағы жетістіктерді баяндап, оқушыларға білім биігін бағындыруларына тілектестігін білдірді.
Келешектің талантты да дарынды иелерін тәрбиелейтін ұлағатты ұстаздар мен ізденімпаз оқушыларымызға көңілдегі қуаныш пен ыстық ықылас тоғысқан бұл күн жаңа табыстар мен жетістіктер әкеле берсін!», – деді аудан басшысы.
Жалпы биыл Талас ауданында -8979 оқушы білім алады.
1-сыныпта 903 оқушы, 9-сыныпта-884 оқушы, 10 сыныпта-570 оқушы, 11-сыныпта-543 оқушы оқиды.
Бүгінгі оқушы – ертеңгі ел маманы. Сондықтан білімге ұмтылған, ізденетін және өз мақсатына сенетін ұрпақ – мемлекеттің жарқын болашағы.
Жаңа оқу жылы барша оқушыға сәттілік, жаңа білім мен биік жетістіктер әкелсін! Алғашқы қоңырау әр бала үшін үлкен армандарға бастар жолдың бастауы болсын.
Comments (0)
Add Comment