Қазақстан полициясы күніне орай Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде салтанатты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік шараға департаментке қарасты барлық мекемелер мен бөлімдердің қызметкерлері қатысып, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі атап өтілді.
Мерекелік шара аясында концерттік бағдарлама өткізіліп, қызмет барысында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген қызметкерлерге алғыс жарияланып, марапаттар табысталды.
Мереке аясында спорт саласында жоғары нәтижелерге қол жеткізген қызметкерлер де марапатталды. Атап айтқанда, бокс спорт түрінен өткен жарыста жүлделі І орынды иеленген Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №67 мекемесінің қызметкерлері Орынбасарұлы Махан мен Қуанышұлы Ерсұлтан арнайы марапаттарға ие болды.
Қазақстан полициясы күніне арналған мерекелік шара ұжымдық бірлікті нығайтып, қызметкерлердің қызметке деген жауапкершілігі мен кәсіби рухын арттыруға ықпал етті.