Қызылорда облысындағы 181 көл жүйесін сақтауға 880 млн текше метрден астам су жіберілді

«Қазсушар» РМК-ның Қызылорда филиалы өңірдегі көл жүйелерін, шабындықтар мен жайылымдарды сақтау мақсатында жыл сайын табиғатты қорғау бағытында су жіберу жұмыстарын жүргізеді. Жыл басынан бері филиал экологиялық мақсатта 881,4 млн текше метр су жіберді.
Оның ішінде Жаңақорған ауданына – 82,4 млн текше метр, Шиелі ауданына – 72,3 млн текше метр, Қызылорда қаласына – 73 млн текше метр су бағытталды. Сырдария ауданына 174,4 млн текше метр, Жалағаш ауданына – 166,2 млн текше метр, Қармақшы ауданына – 72,4 млн текше метр су жіберілді. Қазалы ауданына 230,7 млн текше метр, Арал ауданына 10 млн текше метр су бөлінді.
Жыл соңына дейін экологиялық мақсатта тағы шамамен 360 млн текше метр су жіберу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта бекітілген кестеге сәйкес Қызылорда облысындағы 181 көл жүйесіне, сондай-ақ шабындықтар мен жайылымдарға су жіберу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Бұл жұмыс Қызылорда облысының экологиялық тепе-теңдігін сақтауға, жергілікті флора мен фаунаны қорғауға бағытталған. Қоршаған ортаны сақтау өңір тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға, мал шаруашылығы мен суармалы егіншілікті, сондай-ақ өңір экономикасын дамытуға ықпал етеді», – деді ҚР СРИМ Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасы Сейілбек Нұрымбетов.
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі
Comments (0)
Add Comment