Демография – ел дамуының көрсеткіші

Бүгін облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізіп, бірқатар маңызды мәселені талқыладық.
Басқосуға комиссия мүшелері, басқарма басшылары, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары қатысты.
Күн тәртібінде мемлекеттік отбасылық саясатты іске асыруға бағытталған жобалар мен іс-шаралардың жайы, жастар денсаулық орталықтарының қызметіне қатысты мәселелер қаралды.
Бұл бойынша жауаптылар баяндама жасап, комиссия мүшелерінің тарапынан ұсыныстар да айтылды.
Жалпы жас отбасыларды, әке институтын қолдай отырып, тұрмыстық зорлық – зомбылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды күшейту қажет. Бұл өте өзекті мәселе.
Сонымен қатар жиында оқу орындарында жылына 2 рет тар бейінді мамандарды тарта отырып, жылжымалы медициналық кешендер мен қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған медициналық чемодандарды пайдалану арқылы профилактикалық тексерулер жүргізу және келесі отырыста жастар денсаулық орталықтарына жүгінулердің 10 айдағы көрсеткішіне талдау жасап, ұсыну жөнінде жауаптыларға тиісті міндеттер жүктелді.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша алдағы жұмыстың жоспары жасалып, қатысушыларға нақты тапсырмалар берілді.
Comments (0)
Add Comment