Талас аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны аясында «Кітаппен үндескен жүректер» атты тағылымды іс-шара өтті.
Жоба кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға, тұрақты оқу дағдысын дамытуға және өскелең ұрпақтың білімге қызығушылығын арттыруға бағытталған.
Іс-шараның ашылуында Талас ауданы әкімінің орынбасары Дәулет Төлендіұлы сөз сөйлеп, қатысушыларды тағылымды шараның өтуімен құттықтады.
📖 Шара аясында Талас аудандық орталық кітапханасы мен аудандық білім бөлімі тарапынан кітап көрмелері ұйымдастырылып, көпшілік назарына тағылымды туындылар мен түрлі әдебиеттер ұсынылды.
Сонымен қатар, оқушылар оқыған шығармалары туралы ой бөлісіп, ән, күй, би және мәнерлеп оқу өнерлері ұсынылды.
Іс-шараға кітапханашылар, педагогтер қатысып кітаптың адам өміріндегі маңызы жөнінде пікір алмасты.
📚 Кітап оқу – білім мен рухани дамудың негізі. Кітап оқитын ұлт – ойлайтын, ізденетін және болашағына сеніммен қарайтын ұлт!