МИНИСТР ШАРУАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында Байзақ ауданындағы «КЭМА Агро» шаруа қожалығының қант қызылшасы алқабын аралап көріп, қант қызылшасын еккен дихандармен кездесті.
2016 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан шаруашылық биыл 80 гектарға қант қызылшасын еккен. Егістік алқап толық тамшылатып суару технологиясымен қамтылған. Агроқұрылым ағымдағы жылы қызылшаның әр гектарынан 100 тонна өнім алуды көздеп отыр.
— Біз республика бойынша егін шаруашылығын аралап жүрміз. Үлкен іс атқарыпсыздар. Биыл үшінші жыл қатарынан Жамбыл облысы жақсы нәтиже көрсетуде. Айтқан мәселелеріңізді рет ретімен шеше жатырмыз. Алда әлі де жақсы бағдарламалар қолға алынбақ. Нәтижені сіздерден күтеміз, шаруалардың еңбегінің арқасында ісіміз өнімді болуда, — деді ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сейпілұлы.
Министрдің шаруалармен тікелей кездесіп, субсидиялау және мемлекеттік қолдау мәселелерін талқылауы дихандарға үлкен жігер берді. Жамбыл облысы алдағы уақытта да заманауи технологияларды енгізуде және елімізді сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етуде алдыңғы шептен көріне береді.
Comments (0)
Add Comment