КІТАППЕН КӨРКЕЙГЕН КЕЛЕШЕК

Кітап — адам жанының рухани азығы. Кітаппен бірге сусындап, өткенге тағзым болашаққа жарқын көзқараспен қарауға болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың III отырысында: — Озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қоғамда барынша орнықтыруымыз керек, — деген болатын. Бүгінде ауданымызда кітап оқитын жастардың қатары көбейіп келеді. Еліміз бойынша жүзеге асып отырған «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында бүгін М.Әуезов атындағы мектеп — гимназиясында «Кітаппен көркейген келешек » атты оқу марафоны болып өтті. Алдымен келушілер мектеп алаңындағы кітап көрмелерімен танысты. Көрмеде балалар шығармашылығы, қазақ әдебиеті мен түрлі қызықты кітаптар қойылған. Шараға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Жұмат Сақыпбеков құттықтау сөз сөйлеп, кітап оқудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, аталмыш жобаның аудандағы барлық мектепте жүзеге асатынын жеткізіп, оқушыларды кітап оқуға шақырды.
Мұнан соң аудандық білім бөлімінің басшысы Жуаныш Жарықбасов та ізгі тілегін жолдап аудандағы мектептерде кітап қорының мол екенін тілге тиек етті. Шара концерттік бағдарламаға ұласып, мектеп өнерпаздары кітап туралы көрінісі көпшіліктің көңілінен шықты. Сонымен қатар, әннен шашу шашылып, балалар — өнер мектебінің оқушыларының оркестрі күй орындады.
Сарысу ауданы
Comments (0)
Add Comment