«AMANAT»: Жамбыл облысында 2 мың адам ауыз сумен қамтылды

105

Жамбыл облысындағы Бесағаш ауылының тұрғындары бірнеше жылдан бері су үнемдеп келді. Бұған кентте орталықтандырылған су құбырының жоқтығы себеп болды. «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы осы мәселені ескеріп, құбыр тарту жұмысын өз бақылауына алды.

Партиялықтар мердігердің құбыр тарту кезінде істеген жұмысының барлық кезеңін бақылап отырды. Осы аптада Бесағаштағы әр шаңыраққа су берілді. Сөйтіп, 591 үйде тұрып жатқан 2 мыңға жуық адам таза ауыз сумен қамтылды.

«AMANAT»: Жамбыл облысында 2 мың адам ауыз сумен қамтылды

Айта кетейік, партияның Жамбыл облысындағы сайлауалды уәделері аясында 69 ауылдық елді мекен орталықтандырылған сумен қамтамасыз етіледі. Бұған қоса, тағы 24 ауылда су тазартатын кешенді блок-модульдер орнатылады.

«AMANAT»: Жамбыл облысында 2 мың адам ауыз сумен қамтылды

https://turkystan.kz/article/221041-amanat-zhambyl-oblysynda-2-myn-adam-auyz-sumen-kamtyldy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.