«AMANAT» партиясының облыстық конференциясына Сарысу ауданынан делегаттар сайланды

217
Бүгін аудан әкімі Марат Сұлтанғалиевтің төрағалығымен «AMANAT» партиясы Сарысу аудандық филиалында кезектен тыс ХХХII конференция өтті.
Басқосуға партияның Сарысу аудандық филиалы Саяси кеңесі Бюросының мүшелері, этно-мәдени орталықтардың өкілдері, партия аудандық филиалы «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелері мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Кезектен тыс конференцияның күн тәртібінде «AMANAT» партиясының Саяси тұғырнамасының жобасын талқылау мен партияның Жамбыл облыстық филиалының кезектен тыс ХХIХ конференциясына делегаттарды сайлау туралы 2 мәселе қаралды.
Жиында қаралған Саяси тұғырнамасының жобасын талқылау бойынша аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев пен партия мүшесі Қуаныш Ибрахимұлы баяндама жасап, тұғырнаманың бағыт-бағдарына кеңінен тоқталды.
Әрі қарай партияның Сарысу аудандық филиалының консультанты Мадина Қайратқызы облыстық конференцияға қатысатын 18 делегатты сайлау бойынша хабарлап, дауысқа салды. Нәтижесінде облысқа аттанатын делегаттардың аты-жөні аталып, күн тәртібінің хаттамасына енгізілді.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.