«AMANAT» партиясының қатары жаңа мүшелермен толықты

92

Бүгін «AMANAT»-тың Астана қалалық филиалында партияға жаңа мүшелерді қабылдау салтанатты рәсімі өтті. Білім беру, денсаулық сақтау, үкіметтік емес ұйым өкілдері, жастар белсенділері және басқалар партия қатарын толықтырды.

Филиал төрағасының орынбасары Сақтаған Сәдуақасовтың айтуынша, партия құндылықтары ортақ және елдің болашағына бейжай қарамайтын адамдардың басын біріктіреді.

«AMANAT» әрқашан қоғамдық-саяси процестердің бел ортасынан табылады. Біздің партиямыз – еліміздегі басты саяси күші және Мемлекет басшысының қоғамдық тірегі. Партия қатарына қосылу өзіңізбен пікірлес адамдардың ортасында болу ғана емес. Бұл ең алдымен, өз біліміңіз бен тәжірибеңізді Отанымыз бен халқымыздың игілігі жолында жұмсауға жасалған мүмкіндік екеніне сенімдімін. Алдағы уақытта партиялық жобаларды жүзеге асыруға атсалысасыздар деп үміттенемін. Барлық игі бастамаларыңызға сәттілік тілеймін!», – деді Сақтаған Сәдуақасов.

«AMANAT» партиясының қатары жаңа мүшелермен толықты

Бүгін партия билетін барлығы 21 адам алса, олардың арасында «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының дәрігері Ержан Әбдікәрімов те бар.

«Маған түрлі мәселелерін алға тартып келетін азаматтар көп. Дәрігер ретінде мен оларды жұртшылыққа, мемлекеттік органдарға жеткізуге тырысамын. Енді партия қатарына қосылғаннан кейін қолымда азаматтардың мәселелерін шешудің тағы бір құралы бар деп есептеймін», – деді ол.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Астана қаласы бойынша 35 мыңға жуық адам партия қатарында. Мұнда 263 бастауыш партия ұйымы жұмыс істейді.

Дәл осындай партия қатарына қабылдау рәсімі Павлодар облысында да өтті. Мұнда «AMANAT» партиясының қатарын бірден 100 адам толықтырды. Олардың арасында өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысшылары, қоғам қайраткерлері, журналистер мен жастар бар. Гимнастика мектебінің директоры Мәдина Мұқанова көпшілікке көмек қолын созу үшін партияға кіруге бел буғанын жасырмады.

«AMANAT» партиясының қатары жаңа мүшелермен толықты

«Шын мәнінде өте қатты толқып тұрмын. Партия қатарына кіруге саналы түрде шешім қабылдадым. Өйткені «AMANAT» – бұл нақты істердің партиясы. Көп іс тындырылып жатыр және мен осы өзгерістердің бір бөлігі болғым келді. Баршаңызды құттықтаймын және сенім білдіргендеріңіз үшін алғысымды айтамын», – деді ол.

Өз кезегінде «AMANAT»-тың Павлодар қалалық филиалының төрағасы Санира Жүсіпова жаңадан қосылған партиялықтарға табыс тіледі. Іс-шара соңында Иса Байзақов атындағы облыстық филармония әртістері мен басқа да шығармашылық ұжымдардың қатысуымен концерт өтті.

Өңірде барлығы 213 бастауыш партия ұйымына біріккен 48 мыңнан астам партия мүшесі бар.

«AMANAT» партиясының қатары жаңа мүшелермен толықты

https://turkystan.kz/article/219126-amanat-partiyasynyn-katary-zhana-mushelermen-tolykty/

Leave A Reply

Your email address will not be published.