«AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚОРДАЙ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХLІ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

208
Бүгін Әлжан ана ауылдық мәдениет үйінде «AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалының кезектен тыс ХLІ конференциясы болып өтті.
Конференцияға «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дауыл Ынтықбайұлы Бейсенқұлов, «AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалының Саяси кеңесінің мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері, аудандық мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, партия ардагерлері мен белсенділері, «Жастар рухы» Жастар қанатының мүшелері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібі бойынша конференцияда 3 мәселе қаралды. Атап айтқанда, Партияның 2021-2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі аудандық Жол картасы бойынша 2021-2022 жылдары атқарылған жұмыстар туралы партияның Қордай аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясы жетекшісінің есебі, партия Қордай аудандық филиалының төрағасын сайлау, партия Қордай аудандық филиалы Саяси кеңесінің құрамына толықтыру енгізу туралы мәселелері қаралды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «AMANAT» партиясының Қордай аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясының жетекшісі М.Күзербаев баяндама жасады.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Қордай аудандық мәслихатының төрағасы Н.Садыков партия аудандық филиалының төрағасын сайлау бойынша ұсыныс енгізіп, нәтижесінде фракция мүшесі Қ.Қыпшақбаева партия аудандық филиалының төрағасы болып сайланды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.
Конференция соңында қорытынды сөзбен партия Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дауыл Ынтықбайұлы Бейсенқұлов сөйлеп, ұсыныстар енгізді.
Қордай ауданының әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.