«АЛТЫН САҚА»

408
Математика бүгінде қоғамдық өмірдің бүкіл салаларына енуде.
Қазіргі кезде кез-келген мамандықты игеру үшін математикадан белгілі бір білім қажет.
Компьютерлік сауаттылық та математикамен байланысты. Сонымен қатар математика міндетті түрде бітіру емтиханы мен ҰБТ-дағы міндетті үш пәннің біреуі.
Сондықтан үлкен жауапкершілік жүгі математика пәнінің мұғалімінің мойнына түседі.
Кез-келген жұмыс тиімді және нәтижелі болу керек. Оқушы мен мұғалімдердің бірге істеген жұмыстарының нәтижесі оқушылардың олимпиадаларға қатысуы, жүлделі орындар алуы, ҰБТ-да жақсы нәтиже көрсетуінен көрінеді.
Міне, осы мақсатта «Алтын сақа» олимпиадасы «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің бастамасымен, өңірлік «Дарын» орталықтарының ұйымдастыруымен бүгін Қаратау қаласында орналасқан Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназия базасында өтті.
Олимпиаданың мақсаты — мектеп оқушыларының білім деңгейін көтеру. Математика пәніне қызығушылығы бар оқушыларды олимпиадалар өткізу арқылы анықтап, олимпиадалық резерв топтарын қалыптастыру негізінде республикалық және халықаралық олимпиадаларға дайындау.
Олимпиадаға аудан бойынша 154 оқушы қатысты.
Білімді ұрпақ- ел болашағы.Сондықтан да жас ұрпаққа сапалы білім беруге білім ұялары жауапкершілікпен қарайтыны анық.
Бүгінгі жастарымыздың білімді, саналы азамат болып өсуі ұстаздардың еңбегіне тікелей байланысты екені бәрімізге мәлім.
Сол себепті ұстаз еңбегін бағалай білуіміз керек.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, жарқын болашақ үшін аянбай еңбек етіп, ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру ұстаздар қауымының, яғни біздің басты міндет болып табылады.
Осы орайда ұстаздарымызды да білім алып жатқан оқушыларымызға да сәт-сапар тілеймін!
Мақсат Арапұлы Қазанғапов,
Талас ауданы білім бөлімінің басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.