8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай, аудан басшылығының құттықтаулары жалғасып жатыр. Бүгін аудан әкімінің орынбасары Жанғозы Жаркенов пен Жаңаталап ауылдық округінің әкімі Нұрхан Ақмағанбетов Жаңаталап ауылының тұрғыны, Тыл ардагері, алтын құрсақты ана Рысжан Сағындықованың үйінде болып, мерекемен құттықтады.



