Бүгін ауданымыздағы алтын құрсақты аналардың қатары тағы да толыға түсті.
Осыған орай аудан әкімі Сәкен Арубаев Республика күні қарсаңында көпбалалы аналармен арнайы кездесіп, “Алтын алқа” және “Күміс алқа” төсбелгілерімен марапаттады. Сондай-ақ кәмелет жасқа толған бірқатар жастарға жеке куәліктерін салтанатты түрде табыс етті.
Биылғы жылдың өзінде ауданымызда 1465 нәресте дүниеге келген. Санымыз өсіп, сапамыз артып келеді. Одан бөлек, соңғы 12 жыл ішінде шулық 930 ана «Алтын алқаға», 1178 ана «Күміс алқаға» қол жеткізіп отыр. Бұл статистика алдағы уақытта да арта беретіні анық.
Еліміздің демографиялық ахуалын жақсартуға қосқан сүбелі үлестеріңіз үшін алғыс білдіреміз! Өсіріп отырған ұл-қыздарыңыз еліміздің нағыз патриоты боларына сеніміміз мол. Баршаңызға мықты денсаулық, мызғымас береке-бірлік тілеймін — деді аудан басшысы Сәкен Қаланұлы.