Жуырда Жамбыл облыстық перинаталдық орталығында Тараз қаласының 38 жастағы тұрғыны Гүлнұр Сапиева үшемді дүниеге әкелген болатын. Сәбилердің екеуі – қыз, біреуі – ұл. Оларға Асылым, Айбатыр, Асылай деген есімдер қойылған. Осылайша, Сәпиевтер отбасында бұған дейін бес бала тәрбиеленсе, енді олардың қатары тағы 3 балғынмен толықты.![]()






Шақалақтар мерзімінен бұрын, яғни жүктіліктің 29 аптасында өмір есігін ашқан екен. Олардың бірінің салмағы – 992,0 грамм болса, екіншісінікі – 984,0, үшіншісінікі – 950. Қазір сәбилердің денсаулығы жақсы.
