Алматыдан ұшып шыққан Air Charter Service (ACS) чартерлік авиакомпаниясының ұшағы экипажының төрт мүшесі бортта ұсынылған астан уланып қалған деп хабарлады turkystan.kz.
«12 сәуірде Алматы қаласынан ұшқан рейстердің бірінде экипаждың төрт мүшесі борттағы тамақтан уланған», – делінген хабарламада.
Ulysmedia.kz сайтының мәліметінше, аталған факті бойынша прокурорлық тексеру жүргізілді.
«Прокурорлық тексеру нәтижесінде, цехта стафилококк табылды. Алматы қаласының прокуратурасы Air Charter Service авиакомпаниясына 1600 АЕК мөлшерінде айыппұл салды», – деп хабарлады дереккөз.
https://turkystan.kz/article/221927-almatydan-ushyp-shykkan-ushaktyn-4-ekipazh-mushesi-astan-ulanyp-kaldy/