Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев Индонезияның Қазақстандағы елшісі доктор Мохамад Фаджроэль Рахманмен кездесуінде Алматыдан Балиге тікелей рейстерді ашу туралы талқылады.
«Қазақстан мен Индонезия арасындағы өзара қарым-қатынастарды одан әрі дамыту және туристердің көптеп келуі үшін доктор Мохамад Фаджроэль Алматы – Бали бағыты бойынша тікелей әуе қатынасын ашуды ұсынды. Әрбір тараптың авиакомпаниялары елдер арасында 5 ретке дейін тұрақты жолаушылар рейстерін орындауға құқылы», — делінген комитет хабарламасында.
Қазақстан авиакомпаниялары үшін рұқсат етілген пункттер: Джакарта және Денпасар (Бали), Индонезия авиакомпаниялары үшін – Астана және Алматы қаласы.
https://turkystan.kz/article/233794-22-yrk-yekke-arnal-an-aua-rayy-bolzhamy