Алматыдағы «Сәлем» базарында өрт шықты

76

Алматыдағы «Сәлем» базары өртеніп жатыр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 6 ақпанда 21:09-де өрт сөндірушілер Жетісу ауданы Бөкейханов көшесі 508а мекенжайындағы өртті сөндіруге барған.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына 3 минуттан соң келген. Алдын ала ақпарат бойынша сол сәтте «Сәлем» сауда орынның екіқабатты контейнердің 120 шаршы метрі жанған.

Сағат 21:42-де өрт ауыздықталған. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/78040/?utm_source=smi24

Leave A Reply

Your email address will not be published.