Алматыда вейп сатумен айналысқан күдікті ұсталды

152

Әуезов ауданында жедел алдын алу іс-шарасы барысында 21 жастағы ер адам ұсталды. Күдіктіде өзімен бірге 30 электронды вейп болған. Анықталғандай, ол тыйым салынған затты қашықтықтан сатқан. Ер адамның тапсырысты интернет арқылы алғаны белгілі болды.

Тыйым салынған тауарлар тәркіленді. Ұсталған азаматтың әрекетіне құқықтық баға берілетін болады, — деп жазылған мәліметте.

https://turkystan.kz/article/245843-almatyda-veip-satumen-ainalyskan-kudikti-ustaldy

Leave A Reply

Your email address will not be published.