Алматыда Ұлттық қауіпсіздік академиясының курсанты жоғары қабаттан құлап, қаза тапты

15

Фото: pixabay.com

Деректерге сенсек, Алматыда тұрғын үй кешендерінің бірінің жоғарғы қабаттағы пәтер терезесінен ҰҚК Шекара академиясының курсанты құлаған.

Қайғылы оқиға 22 қыркүйекке қараған түні Достық даңғылында болды. Марқұм – 19 жас шамасында.

«Аталған факт бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталу үстінде», – деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.



Еске салайық, бұған дейін 2024 жылдың 21 қыркүйегінде Алматыда Бостандық ауданында оқушы қыз қаза тапты. Ол тұрғын үй кешендерінің бірінің 13-қабатындағы балконнан құлаған.

https://stan.kz/almatida-ylttik-kauipsizdik-akademiyasinin-kursanti-zho-406656/

Leave A Reply

Your email address will not be published.