Алматыда Украинаның еңбек сіңірген суретшісі Оксана Фурстың көрмесі өтеді

98

3 ақпанда Almaty Management University-де Украинаның еңбек сіңірген суретшісі Оксана Фурстың жұмыстарының көрмесі ашылады.

Оксана Фурс – өнертану ғылымдарының докторы, профессор, Сальвадор Дали (Украина, Киев) атындағы қазіргі заманғы өнер академиясының негізін қалаушы және президенті. Суретшінің туындылары София Киевская және Андрей шіркеуі тарихи-мәдени қорығының ұлттық қорларында, Тарас Шевченко ұлттық мұражайында, Р.Дьяконс (Литва), С. Васильев (Ресей), А. Шереметьев (Украина), Каеши Хы (Жапония) және тағы да басқа коллекцияларда ұсынылған.

«2022 жылдың 24 ақпанында таңғы 5-те  ертегі әлемімнің астаң-кестеңі шықты. Содан бері мен күн сайын Украинада бейбітшілікпен қорқынышты күндердің аяқталуын сұраймын. Жақсылық зұлымдықты жеңеді деп сенемін. Шығармашылық адамдар бұл әлемді нәзік сезінеді. Олар басқаша эмоция білдіреді. Туындыларым арқылы азапты, күйзеліс пен үмітті көрсетуге тырыстым», – деді суретші.

Көрме барысында қонақтар авторлық коллекциялық туындыларды сатып алуға мүмкіндік алады. Көркем шығармалардан басқа авторлық жібек орамалдар мен қол орамалдар, фарфор ойыншықтар, маркалар (дипломатиялық сыйлықтар сериясынан) топтамалық сериясы ұсынылады. Көрме жұмысы кезінде жиналған барлық қаражат Арт Ренов Украина қайырымдылық қорының шотына жіберіледі.

Айта кетсек, 2022 жылдың 20 наурызында Киевті бомбалау кезінде Сальвадор Дали атындағы Арт академиясы зардап шекті. Қазіргі уақытта академия ғимаратында жарық пен жылу жоқ.

Алматыда Украинаның еңбек сіңірген суретшісі Оксана Фурстың көрмесі өтеді

https://turkystan.kz/article/211528-almatyda-ukrainanyn-enbek-sinirgen-suretshisi-oksana-furstyn-kormesi-otedi/

Leave A Reply

Your email address will not be published.