Алматыда мектеп оқушысы өз-өзіне қол жұмсады

144

Алматы облысында жасөспірім өз-өзіне қол жұмсады деп хабарлады turkystan.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Тұрар ауылында болды. Әжесінің айтуынша, 16 жастағы оқушы сабақтан үйге келген. Түскі астан кейін ұйықтауға кеткен. Ал 2 сағаттан кейін ол сарайдан асылып тұрған жерінен табылған. Бала ол кезде қайтыс болған.

Қазір полицейлер өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр. Тәртіп сақшылары оның мұндай әрекетке неге барғанын анықтайды.

«Қазір тергеу жүргізіліп жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды», – деді Алматы облысы Полиция департаменті баспасөз қызметі өкілі.

https://turkystan.kz/article/218666-almatyda-mektep-okushysy-oz-ozine-kol-zhumsady/

Leave A Reply

Your email address will not be published.