Алматыда Денис Теннің құрметіне ескерткіш тақта орнатылды

707

Алматыда қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Теннің құрметіне ескерткіш тақта орнатылды.

Тақта Назарбаев даңғылында спортшы тұрған үйдің алдында орнатылды.

Ескерткіш тақтаның ашылу салтанатына КСРО еңбек сіңірген бапкері, КСРО-ның халықаралық санаттағы спорт шебері Татьяна Тарасова мен ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Елена Радионова келді. Айта кетейік, Татьяна Тарасова Денис Тенді 2003-2010 жылдар аралығында жаттықтырған болатын. Бұл оның Қазақстанға алғашқы сапары екен.

«Ол — ұлы адам. Осы елдің даңқын шығарғысы келді. Бірақ ол өзі осы елде қайтыс болды. Оның өнерін тамашалаған миллиондаған адам картадан Қазақстанды іздеді. Қазақстанның қайда орналасқанын барлығы да біле бермейтін. Барлығы осы елді Денис Тен арқылы білді. Ол халқының ұлы адамы. Дениспен жұмыс істеген мен бақыттымын. Ол үздік спортшы болатын. Бала кезінен ерекшелігімен көрінетін. (…)», — деді Тарасова.

tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.