Алматыда әйел жаңа туған сәбиді екі қабатты үйдің кіреберісіне тастап кеткен

33

Алматыда ана жаңа туған сәбиін екіқабатты үйдің кіреберісіне тастап кеткен.

Жерде жылап жатқан жаңа туған сәбиді түскі уақытта тұрғындар байқаған.

Бөбекті үйдің екінші қабатына тастап кеткен. Жылап жатқан сәбиді тұрғындар дереу жылы жерге кіргізіп, жедел жәрдем мен полицияға хабар берген.

Қазір нәресте ауруханада жатыр.

«Бала ауруханаға жатқызылды. Оның жағдайы ауыр. Қазіргі уақытта қыз реанимацияда жасанды желдету аппаратында жатыр», — делінген материалда.

Баласынан бас тартып, оны қараусыз тастап кеткен ана іздестіріліп жатыр.

«Жаңа туған қызды Чернышевский көшесіндегі үйлердің бірінің тұрғындары тауып алды. Түрксіб аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Сәбидің анасының жеке басын және істің мән-жайын анықтауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр», — дейді Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

https://massaget.kz/news/almatyida-ayel-jana-tugan-sabid-ek-kabattyi-uydn-krebersne-124705/?fbclid=IwY2xjawII1U1leHRuA2FlbQIxMQABHY2hP353VTG_87x7BXA4caJ2blHEV4Ye2T9ukPSMh4qakLqIvEwKtYom1g_aem_qxP8By-KDZmWFZR0NRW0vw

А. Жапатова

Фото: Видео кадры

Leave A Reply

Your email address will not be published.