Алматы облысының мұражайында Кенесары ханның қарындасының қылышы сақталған

103

Музей бір залдан, 3 экспонаттар бөлімінен тұрады. Қару-жарақ бөлімінде қазақ батырларының майдан даласында ұстаған соғыс қарулары бар. Қөлөнер шебері Дәулет Шоқпаров жасаған батыр сауытын, жүзі өткір айбалта мен сақетер қойылған.

«Құнды жәдігерлердің бірі – 1845 жылы жасалынған Кенесары ханның қарындасы әйгілі Бопай ханым қылышы. Бұл қылыш 1845 жылы Санкт- Петербург қаласында әкелі балалы Николай Вильгельм Шафпен пен Людвиг Вильгельм Шафтың шеберханасында жасалған», — дейді «Батыр бабалар» мемориалды музейінің меңгерушісі Орынбасар Әлім.

Бопай ханым Кенесарының барлық шайқастарына қатысады. Ол 600 сарбаздан тұратын ерекше топты басқарды. Ұлт-азаттық көтеріліс кезінде патша әскерінің жасақтарына жорықтар жасайды. Ұрпақтан ұрпаққа сақталып келе жатқан қылышты музейге Айдар Тастеміров табыстаған. Темірден соғылған қылыштың жалпы ұзындығы – 98 см.

Жалпы, мәдени әрі рухани нысанда 150 ден астам тарихи құнды жәдігерлер сақталған. Ағайынды қолөнершілер Тұрсынжан, Махмұд, Айтберген Жетекұлдарының ағаштан, теріден, темірден жасаған бұйымдары мен қару-жарақтар мұндағы жәдігерлерді толықтырып тұр. Жыл сайын музей қызметкерлері тарихи экпедицияға барып, музей қорын жаңа экспонаттармен байытуды мақсат етеді.

https://stan.kz/almati-oblisinin-myrazhayinda-kenesari-hannin-karindasi-379577/

Leave A Reply

Your email address will not be published.