Алматы облысында прокуратураның тексеруінен кейін газ арзандады

102

Алматы облысы прокуратурасының бастамасымен Шамалған, Жандосов, Шалқар, Еңбекші, Үштерек, Құмарал, Тұрар МТФ және Арай, Аянат, Дархан, Баркөл бау-бақша қоғамдарының тұрғындарына газ тарифі төмендетілді деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Жыл басынан бері жоғарыда аталған елді мекендердің тұрғындарына қызмет көрсететін «Сигма-ГАЗ» ЖШС-гі» халық үшін тауарлық газдың салыстырмалы түрде жоғары тарифіне наразылық білдірген. Осыған байланысты, аудан прокуратурасы тауарлық газды өткізу бойынша қалыптасқан тарифке талдау жүргізді, нәтижелері бойынша монополияға қарсы заңнаманың бұзылғаны анықталды. Оған Алматы облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменті 2021 жылдың 12 қарашасында жол берген»,- деп хабарлады облыстық прокуратурадан.

Қадағалау органы департамент басшының тауарлық газды өткізу тарифін табиғи газдың 1 текше метріне 37,5 теңге және тарифті ұлғайту дерегі бойынша баға сараптамасын жүргізу бұйрығының күшін жою туралы қадағалау актісін енгізді. Нәтижесінде департаменттің 10 наурыздағы №78-НҚ бұйрығымен «Сигма-ГАЗ» ЖШС-нің тарифі бекітілді.

«Осы жылдың 1 сәуірінен бастап жоғарыда аталған елді мекендер үшін қосылған құн салығын (ҚҚС) ескере отырып тариф бағасы бір текше метр газ үшін 28,95 теңгеге дейін төмендеді. Осылайша Алматы облысының прокуратурасы 9 918 тұтынушының құқығын қорғап, қалпына келтірді. «Сигма-ГАЗ» ЖШС газбен жабдықтау ұйымы 2 млн теңгеден астам сомаға айыппұл түрінде әкімшілік жауапқа тартылды»,- деп атап өтті ведомстводан.

https://turkystan.kz/article/217206-almaty-oblysynda-prokuraturanyn-tekseruinen-keyin-gaz-arzandady/

Leave A Reply

Your email address will not be published.