Ақмола қорығында инспекторлардың туыстары 700 жылқыны заңсыз баққан

86

Акмола прокуратура

“Ақмола облысының прокуратурасы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының инспекторлары мен басшылығы ерекше қорғалатын аумақтың күзету режимін бұзғаны анықтады. Ерекше қорғалатын аумақта заңсыз шөп шабу және мал жаю басшылықтың келісімімен тікелей қорықтық режимді қорғауға уәкілетті тікелей қорық инспекторларымен ұйымдастырылған. Соның салдарынан қорыққа айтарлықтай шығын келтірілген”, – деп мәлімдеді Ақмола облысының прокуратурасы.



Қорық аумағына инспекторлардың жақын туыстарына тиесілі 700-ден астам жылқы жіберілген.

“Қорықтық режимді бұзғаны және өкілеттіктерін қызмет мүдделеріне қайшы пайдаланғаны үшін 3 инспектор, оның ішінде табиғи кешендерді қорғау бөлімінің басшысы қызметтерінен босатылды. Қорықтың басшылығына қатысты қызметтік тексеріс жүргізілуде”, – деп қосты прокуратура өкілдері.

https://stan.kz/akmola-koriginda-inspektorlardin-tuistari-700-zhilkini-392034/

Leave A Reply

Your email address will not be published.