Әлиев Таулы Қарабаққа жасаған операциясында ресейлік бітімгерлер қаза тапқаны үшін кешірім сұрады

74

Әлиев Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

Ресей қорғаныс министрлігі Таулы Қарабақта бітімгершілік күштерінен сарбаздары қаза тапқанын хабарлады.

«20 қыркүйекте Жанятаг елді мекеніндегі Ресей бітімгершілік контингентінің бақылау бекетінен оралу кезінде ресейлік әскери қызметшілері отырған көлік атылды», – делінген хабарламада.

Әзірбайжанның бас прокуратурасы алты ресейлік бітімгердің мерт болғанын ресми түрде жариялады. Хабарламаға сәйкес, бесеуін Әзірбайжан әскери күштері атып өлтірген. Олар ресейлік күшті армян қарулы күштері деп ойлаған. Тағы бір бітімгер Қарабақ әскерінің оғынан қаза тапты.

Әлиев қаза болған бітімгерлердің отбасыларына материалдық көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.

Әзірбайжан қарулы күштері корпусының командирі бітімгерлерге оқ жаудырды деп күдіктеліп, Ресей әскери күштеріне оқ атқандар ұсталды. Командир қызметінен кетті.

Қаза тапқан әскери күштердің қатарында Солтүстік флоттың әскери-саяси жұмыс жөніндегі суасты күштерінің қолбасшысы, 1-дәрежелі капитан Иван Ковган болды.

https://stan.kz/aliev-tauli-karabakka-zhasagan-operaciyasinda-reseylik-388597/

Leave A Reply

Your email address will not be published.