“Алғысым шексіз” акциясы өтті

214

Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының бастамасымен “Алғысым шексіз” акциясы болды. Акция 1-наурыз Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, облыстық перинаталдық қызметкерлерінің қатысуымен 1-наурызда босанған әйелдерді құттықтады.
Шара барысында, басқарма басшысы С. Берікқожа жаңа туылған нәрестелердің аналарын 1-наурыз Алғыс айту күнімен құттықтап, нәзік те аяулы жандарға зор денсаулық, отбасында бақыт, еңбекте табыс тіледі.
Бір күн бұрын Март ойын сауық орталығынан басталған акция облыс аудандарында жалғасын тапты. Жамбылдық волонтер жастар облысқа есімі белгілі, өңіріміздің саяси-мәдени, әлеуметтік және экономикалық даумына үлес қосқан ел ағалары мен ақжаулықты аналарға алғыс білдірді.

“Алғысым шексіз” акциясы басқарма басшысы бастамасы бойынша волонтерлардың қатысуымен өтті.
Алғыс білдіре отырып, гүл шоқтары берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.