«Алғыс айту» күніне орай мәдени-спорттық шаралар өтті

68

Елімізде 1 наурыз – «Алғыс айту күні» болып 2016 жылдан бастап атап өтілуде. 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде «Алғыс айту күні» деп жариялап, №173 Жарлыққа қол қойған болатын.
Осы ретте, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД РММ №58 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар арасында 1 наурыз – «Алғыс айту күні» мерекесіне орай бірқатар мәдени-спорттық іс-шаралар САТжӘПЖЖ бөлімінің қызметкерлерімен ұйымдастырылып, өткізілді. Атап айтқанда, №58 мекемесі бастығының міндетін атқарушы, әділет подполковнигі Ж.С.Құрманалиевтың қолдауымен сотталғандардың жақын туыстарымен әлеуметтік байланыстарды жоғалтпау мақсатында, кезектен тыс таксафон арқылы сотталғандарға жақын туыстарына алғыс білдіруге мүмкіндік берілді.
Сонымен қатар, мекеменің тәрбие бөлімі қызметкерлерімен сотталғандар арасында «шахмат, дойбы» ойындарынан жарыс ұйымдастырылды, белсенді қатысқан сотталғандар көтермелеу шарасын қолдануға ұсынылды.
«Алғыс айту күні» мерекелік шарасы САТжӘПЖЖ бөлімінің жасақ бастықтары: әділет майоры Ж.А.Бейсенбековке және әділет капитаны Р.С.Баймухамбетовке сотталғандар тарапынан алғыс айтумен (Благодарное письмо) қорытындыланды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.