Алғашқы көмек – адамның өмірін құтқаруға бағытталған жедел шаралар кешені. Жазатайым жағдай, сырқаттың кенеттен қысуы, улану – осы және басқа төтенше жағдайларда білімді алғашқы көмек қажет. Бұл ретте, арнайы мекеме қызметкерлеріне жедел көмек шараларын жете меңгеру аса маңызды.
Осыған орай, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №25 мекемесінің жеке құрам қызметкерлеріне алғашқы медициналық жәрдем көрсетуді үйретуге бағытталған арнайы сабақ өткізілді. Шарада Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасына қарасты №5 емхананың дәрігері Амангелді Салықов алғашқы көмектің негізгі шараларынан хабар берді.
Собақта ҚАЖ қызметкерлері шұғыл медициналық көмек қажет адамды құтқару, жарақаттың зиянды әсерін тоқтату, қан тоқтату, жараны байлау, сынған мүшенің қозғалысын тежеу және жасанды дем алдыру, жүрекке жабық массаж жасау секілді негізгі амалдарды үйренді. Сонымен қатар жабық және ашық жарақат алғанда, улану кезінде, суға тұншығу немесе өзге де шок тудыратын жағдайлардағы алғашқы әрекеттер ретін практика жүзінде көрді.