АЛҒАШ БОЛЫП ДАУЫС БЕРДІ

53
Бүгін елімізде АЭС салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум басталды. Осынау маңызды күні таңертең алғашқы болып, Жамбыл атындағы №5 мектеп — гимназиясына орналасқан №35 сайлау учаскесіне Тараз қаласының тұрғыны Айдарбек Айманбетов келіп, өз таңдауын жасады.

Ол өз сөзінде бұл жауапкершлілік үлгісін азаматтық парызы екенін атап өтті.

«Әр Қазақстан азаматының жасаған таңдауы мемлекет  болашағы үшін өте маңызды. Мұны жақсы түсініп отырмыз. Сондықтан Мемлекетіміздің жарқын болашағы үшін Президент бастамасын қолдап дауыс бердім», дейді Айдарбек Айманбетов.

Алғаш болып дауыс берген азаматқа қасиетті домбыра сыйға тартылды.

Айта кетейік, өңірімізде таңғы сағат 7:00-лен бастап дауыс беруге арналған 508  референдум учаскесі өз жұмысын бастады.

arainfo.kz

ФОТО:  aulieata_media

Leave A Reply

Your email address will not be published.