©instagram.com/bakhyt_shadayeva
“Жасырмаймын, мен үш рет тұрмыста болдым. Үшеуі де өте қызғаншақ еді. Сол себепті құдайдың құтты күнінде таяқ жеп отырмайын деп, олардан басымды аулақ әкеттім. Дегенмен, көңілін білдіретін азаматтар әлі де бар. Мені аста-төк өмір сүреді деп ойлайтын болса керек, альфонс жігіттер де жиі жағалайды. Бірақ елуден асқан шағымда жас жігітпен қолтықтасып жүрсем қыздарыма не тәрбие беремін”, – дейді өнер иесі.
Қазір әншінің бар назары балалары мен немерелерінде.
“Шүкір, қазір екі жиен немерем бар. Бұрын құдағиымның көзі тірісінде сол кісінің көңіліне қарап мені «Бақыт» деп атайтын еді. Қазір екеуі де «апалап» тұрады. Ендігі тілейтінім – солардың қызығын көру”, – дейді Бақыт Шадаева.
Өнер жұлдызы бір кездері ел арасында тараған “Бақыт Шадаева жас жігітпен көңіл қосты” деген қауесетке қатысты пікір білдірді.
“Жұрт бір кездері өзіңізден жиырма жас кіші жігітпен қосақтап қойған еді. Осы рас па?” деген сауалға әнші: “Әңгіме менің директорым жайында болар. Бірақ, жұрт айтқандай қызыммен жасты жас жігітпен көңіл қосқам жоқ. Менімен біраз жұмыс істеген соң «сүйемін-күйемін» деп бастады. Сосын бірден бетін қайтарып, анасы бәріміз жабылып жүріп оны үйлендіріп тындық”, – деп жауап берді.
Бұған дейін Бақыт Шадаева хиджаб киген әріптестерін сынға алған еді.https://stan.kz/alfons-zhigitter-de-zhii-zhagalaydi-bakit-shadaeva-ush-386653/