Әлеуметтік жоба аясында бостандыққа шықты

102

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемесінде «Қақпа алдындағы кездесу» әлеуметтік жобасы негізінде жазаның жеңілдетілген түріне ауыстырылып, босатылған 4 азаматты шығарып салу шарасы өткізілді. Кездесуге босатылған азаматтың туыстары ғана емес, мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Әміржан Дәулетқұлов, мекеменің босатылатын сотталғандарды еңбекпен және тұрмыстық орналастыру жөніндегі инспекторы, аға лейтенант Кәмшат Әбдімомынова және Тараз қаласы әкімдігінің №2 пробация қызметінің бастығы, әділет майоры Олжас Бектаев та қатысты.

Шара барысында босатылған азаматқа құқықтары мен міндеттері, ішкі істер органдарына, пробация қызметінде профилактикалық тіркелу, қазіргі еңбек нарығындағы жағдайларға бейімдеу жұмыстары жайлы айтылды.

– Жалпы, «Қақпа алдындағы кездесу» жобасын өткізудің маңыздылығы өте жоғары. Жоба аясында мамандар әлеуметтік байланыстарды орнату, кәсіби білім алу, біліктілігін арттыру, жұмыспен қамту, құқықтық көмек, бағыттары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіп, кеңестер береді, – деп түсіндіріп өтті аға лейтенант Кәмшат Әбдімомынова.

Leave A Reply

Your email address will not be published.