Әлеуметтік жоба аясында 17 адам жұмысқа орналасты

244

Тәуелсіз елемізде адам құқықтарын қорғау жолында көптеген игілікті істер жүзеге асырылуда. Соның бірі де бірегейі- ізгілендіру шаралары. «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасы аясында отбасымен қайта қауышып, жаңа өмір бастап жатқандар жетерлік. Олар өткенінен сабақ алып, қайтадан шалыс баспауға талпынады.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЖД-158/5 мекемесіндегі тәлім-тәрбие жұмыстары жүйелі жолға қойылған. Жақында аталған түзеу мекемесінен әлеуметтік жоба аясында бір азамат бостандыққа шықты.

Шараға Жамбыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары, Жамбыл аудандық Пробация қызметінің қызметкерлері, учаскелік полиция инспекторлары және «Феникс» үкіметтік емес ұйымының мүшелері қатысып, сотталған А.Б. есімді азаматқа түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Өз кезегінде түзеу мекемесінен босап шыққан азамат жұмысқа және тұрмыстық орналасуға, әлеуметтік және тағы басқа да түрлерін ұйымдастыруға қолұшын созған жандарға ризашылығын жеткізді.

Айта кетейік, өткен жылы ЖД-158/5 мекемесінен босап шыққан 14 азаматқа «Қақпа алдында кездесу» жобасы аясында тиісті көмектер көрсетіліп, екі қолға бір жұмыс табылған болатын.

Мәди Маханаов,
ЖД-158/5 мекемесі сотталғандар арасында
тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмысын
жүргізу бөлімінің бастығы, әділет майоры

Leave A Reply

Your email address will not be published.