Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары партия бақылауында

208

Бүгін «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Тараз қаласындағы сауда орталықтарындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Топ мүшелері алдымен «Жансая» мөлтек ауданында орналасқан «SMALL» сауда орталығына барды. Адам қарасы үзілмейтін орталықтағы баға байламына көз жүгіртті. Жұртшылық көп тұтынатын картоп, пияз, қырыққабат бағаларын назарға алды. Айта кетерлігі, мұнда сәбіз, пияз бағаларының орта бағадан жоғары екендігі байқалды. Нақтырақ айтқанда, сәбіздің орта бағасы 128 теңге болса мұнда 145, ал өзіміздің облыста шығатын 165 теңге болса сөреде 299 теңгеден сатылып жатыр. Сонымен қатар орта бағасы 350 теңге болатын күріштің келісі 470-570 теңге, ұнның келісі 260 теңтеген өткерілуде.

Келесі кезекте аманаттықтар «Арай» мөлтек ауданындағы Әлеуметтік дүкенге бас сұқты. Өзге сауда орталықтарына қарағанда тауар арзандатылып сатылатын дүкенде тауар бағалары тұрақты. Дегенмен топ мүшелері ондағы тауардың қорына мән берді. Яғни, жаз шыға бағасы аспандайтын қанттың қорын нақтылады. Дүкен әкімшілігінің айтуынша, бүгінгі күні келісі 330 теңгеден сатылып жатқан қанттың қордағы мөлшері 4 000 тонна екен. Сондықтан олар алаңдауға еш негіз жоқ дейді.

– Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында бүгін бірқатар сауда орталықтары мен дүкендерге зерделеу жұмыстарын жүргіздік. Рас, орталықтарда кейбір тауар түрлерінің бағалары өскендігі байқалады. Сонымен қатар тауар қорларына да назар аудардық. Себебі, бағаның өсуіне қордағы тауардың жеткіліксіздігі себеп болып жатады. Сонымен қатар әлеуметтік дүкендерге де кіріп, баға байламына көз жеткіздік. Дүкенде баға тұрақты және қорларында тауар да жеткілікті, – дейді «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Гулам Умаров.

Жамбыл облыс көлемінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын мониторингілеу мақсатында партиясы обыстық, қалалық және аудандық филиалдары тарапынан жалпы саны 12 мониторинг топтары құрлып, ағымдағы жылдың 27 наурызы мен 18 сәуірі  аралығында өңірдегі 15 ірі сауда орталықтары мен базарларда болып, әлеуметтік маңызы бар тауарларға мониторинг жүргізген. нәтижесінде, макарон өнімдері 1,8 %-ға (280-285 теңгеге), тұздалмаған сары май 1,5 %-ға (3191-3238 теңгеге), күріш 1,2 %-ға (346-350 теңгеге), айран 0,9 %-ға (323-326 теңгеге) өскеніне көз жеткізген. Ал күнбағыс сары майы 845 теңгеден 820 теңгеге, қарақұмық жармасы 450 теңгеден 435 теңгеге арзандаған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.