«Әлеуметтік көлік картасы» іске қосылды

159
Таразда «Тulparcard» жол ақысын төлеудің электрондық жүйесінде қоғамдық көлікте тегін жүруге мүмкіндік беретін көлік картасының жаңа түрі «Әлеуметтік көлік картасы» іске қосылды.
Таразда бүгінде жолақысын төлеудің бірнеше жолы бар. Қоғамдық көлік жолаушылары QR код немесе автобустың сандық коды, «TulparCard» көлік картасы немесе SMS-хабарлама және мобильді қосымша арқылы жолақы төлей алады. Биыл ақпан айынан бастап «tulparcard» жол ақысын төлеудің электронды жүйесі төлемнің тағы бір жаңа түрін – Kaspi QR енгізген болатын.
Еліміздің «Автомобиль көлігі туралы» Заңына 2022 жылдың 29 желтоқсанында енгізілген өзгерістерге байланысты биыл 1 наурыздан бастап 15-тен 18 жасқа дейінгі жастарға қоғамдық көлікте 50 пайыздық жеңілдікпен жүру және «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I, II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға тегін жол жүру құқығы беріліп отыр.
Осыған байланысты «Тulparcard» жолақысын төлеудің электрондық жүйесінде қоғамдық көлікте тегін жүруге мүмкіндік беретін көлік картасының жаңа түрі – «Әлеуметтік көлік картасы» іске қосылды.
Айта кетейік, қазіргі таңда облыста 291 810 көлік картасы шығарылды. Оның ішінде 224 533 – бірыңғай карталар, 66 223 – оқушылар картасы. Ал, І топ мүгедектігі бар адамдарға арналған әлеуметтік карта – 105, наградталған көпбалалы аналарға арналған әлеуметтік карта саны – 949.

Leave A Reply

Your email address will not be published.