6 мамырда Қазақстаннан екі боксшы Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан 2023 жылғы әлем чемпионатында өнер көрсетеді деп хабарлады turkystan.kz.
Екі спортшы да Астана уақыты бойынша сағат 15:00-де басталатын күндізгі сессияда рингке шығады. Дулат Бекбауов 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі 1/16 финалда румын Андрей Мустетпен, ал Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов соңғы, оныншы жекпе-жекте Тобагодан келген Аарон Принспен кездеседі. Боксшылар 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/16 финал сатысында жұдырықтасады.
Айта кетейік, Ташкентте өтіп жатқан 2023 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасынан үш боксшы жарыстан шығып қалды: Талғат Сырымбетов (60 кг), Санатәлі Төлтаев (63,5 кг) және Айбек Оралбай (92 кг).
https://turkystan.kz/article/222161-elem-chempionaty-6-mamyrda-ringke-shygatyn-boksshylardyn-tizimi-zhariyalandy/