Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

458

Синоптиктер 15-17 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті.

Синоптиктердің мәліметінше, елімізде суық ауа райы әлі бірнеше күн сақталады.

«Суық және кең алқапты антициклон Қазақстанның ауа райына әлі де әсерін сақтайды. Республиканың басым облысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ауа температурасы аздап жоғарылауы мүмкін. Тек Қазақстанның қиыр солтүстігінде қар жауып, 17 қарашада батыс желі күшейіп, бұрқасын болады», — деді «Қазгидромет» мамандары.

 tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.