Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

89

Еліміз бойынша алдағы үш күнге, 24-26 желтоқсанға арналған ауа айы болжамы жарияланды деп хабарлады turkystan.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

«Атлантикалық циклонның әсерінен еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерінде қар жауып, бұрқасын болып және жел күшейеді, 24 желтоқсанда республиканың солтүстігінде көктайғақ болады», – дейді мамандар.

Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында тұман түсуі мүмкін. Ауа температурасы түнде батыста 3-8 аяздан 8-13 аязға дейін, солтүстік, солтүстік-батыс және орталықта 5-13 аяздан 10-25 аязға дейін төмендейді, шығыста 15-23 аяздан 10-18 аязға дейін ауытқиды, оңтүстік және оңтүстік-шығыста 5-25 аяздан 0-15 аязға дейін біртіндеп жоғарылайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.