Алаяқтықтың жаңа түрі: Полиция бейтаныс нөмірлерден келген видео қоңырауларға жауап бермеуге шақырды

111

Ішкі істер министрлігі белгісіз нөмірлерден түскен бейнеқоңырауларға жауап бермеуге шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: whatsappman.info

Министрлік интернеттегі алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескерту жасады.

Қылмыскерлер танымал WhatsApp мессенджері арқылы бейнеқоңырау жасайды. Алаяқтар бірнеше секунд сөйлесу арқылы бейтаныс адамның атынан несие рәсімдеу үшін қажетті ақпарат ала алады.


БҚО-да алаяқ зейнеткерге «барлық ауруды емдейтін» көрпені 300 мың теңгеге сатқан


“Алаяқтар жауап берген адамның бет-жүзін көшіріп алу үшін бейнеқоңырау арқылы қоңырау шала алады. Алаяқтар видео арқылы қоңырау шалып, бет бейнесін көшіріп алып, сол арқылы мобильді банкингте тексеруден өткен жағдайлар болды. Бейтаныс нөмірлердің, әсіресе шетелдіктердің бейне қоңырауларына жауап бермеңіз. Жауап берсеңіз, дереу 102 телефоны арқылы полиция қызметкерлеріне хабарлаңыз», – делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін президенттің интернет алаяқтық пен қаржы пирамидаларын реттейтін заңға қол қойғаны туралы жазған едік.

https://stan.kz/alayaktiktin-zhana-turi-policiya-beytanis-nomirlerden-k-400756/

Leave A Reply

Your email address will not be published.