Алаяқтардан сақ болыңыз!

661

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Елшілігінен Еуропадағы алаяқтық тәсілдер туралы ақпарат келіп түскенін хабарлаймыз.

Ақпаратқа сәйкес алаяқтар «Linkedln» әлеуметтік желісі арқылы қазақстандықтарға жоғары жалақы, тұрғын үй және көлікпен қамтамасыз ететін Ұлыбританиядағы жұмыс орны туралы, сондай-ақ виза және жұмысқа рұқсат алуға қолдау көрсету туралы ұсыныс хаттар жібереді. Сонымен бірге, алаяқтар компанияның шотына жоғарыда аталған құжаттарды дайындау үшін алдын-ала ақшалай қаражат аударуды сұрайды. Талап етілген ақшаны алғаннан кейін алаяқтар байланысқа шықпайды.

Осыған орай Жамбыл облысы ІІД аталған деректердің алдын алу мақсатында жергілікті халықты күдік тудыратын веб-сайттар мен әлеуметтік желілерден сақ болуға шақырады.

Жамбыл облысы ІІД Баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.