Алауыздықтан ешкім ешнәрсе ұтпайтындығын естен шығармауымыз керек

356

Есіркепов Оңласын, Жамбыл облыстық Билер кеңесінің төрағасы.

Ежелден 140 жылдан астам уақыттан бері дүнген халқы қазақ еліне келіп қоныстанған.

Дүнген халқымен қазақ халқы арасында осы күнге дейін ешқандай да бір арандатушылық пен кикілжің оқиғалар орын алған жоқ.

Дүнген ұлтының ішінен де, қазақ еліне сіңірген еңбегі зор азаматтардың да шыққанын, еңбекте жеткен жетістігі жоғары азаматтардың да бар екендігін халық біледі.

Көршілес жатқан ауыл Қаракемер ауылында туып өскен Сүгірбай Төре Аманжолұлы, 80-нен жасы ассада еліне, туған жеріне адал қызмет етіп келеді. Бүгінгі күні, Қордай аудандық Билер кеңесінің мүшесі. Абыз ақсақалдарымыздың бірі.

Ата-бабаларымыз ежелден жер дауын, жесір дауын ақылмен, даналықпен шешіп отырған. Сондықтан да орын алған жағдай бойынша екі жаққа тарттпай, қайта бір келісімге келуіміз керек.

Мемлекетіміз қашанда халықтың бірлігімен, тыныштығын сақтау жолында бар күш жігерін арнап келеді.

Біз қазақстандықтар көп ұлтты мемлекетпіз. Сондықтан да, ұлтқа, руға, жерге бөлнбей бір отбасының баласындай өмір сүру жолын таңдауымыз керек.

Алауыздықтан ешкім ешнәрсе ұтпайтындығын естен шығармауымыз керек құрметті ағайын!

Leave A Reply

Your email address will not be published.