Алаш арыстарының өркениетті қоғам құру жолын баяндайтын кітап жарық көрді

282

Астана «Алаш демократиясы. Өркениетті қоғам құру жолында» кітабының тұсаукесері өтті. «MEGA SilkWay» сауда ойын-сауық орталығында орналасқан «MARWIN» дүкенінде өткен шараға елорда тұрғындары, саясаттанушы, жазушы азаматтар мен жастар жиналды. Кітап авторы – саясаттанушы Руслан Ақмағанбет. Жоба жетекшісі – баспагер, «AmalBooks» баспасының жетекшісі Бақытжан Бұқарбай.

Алаш арыстарының демократиялық мемлекет құру жолын сипаттайтын кітап қоғамда кең сұранысқа ие болуда. Бақытжан Бұқарбай алдағы уақытта кітаптың орысша нұсқасын да шығару жоспарда бар екені айтты.

Алаш арыстарының өркениетті қоғам құру жолын баяндайтын кітап жарық көрді

«Демократия жәй ғана ұғым емес, тамыры терең мағына. Қазақ елінің бостандығы үшін өз өмірлерін арнаған алашордалықтар да демократия жолында адал еңбек етіп, тер төкті. Кітапты көпшілікке қарапайым тіл арқылы жазып, әдеби немесе ғылыми терминнен алшақтауды жөн көрдік. Заманның талабы солай, түсінікті әрі оңай. Бұл жас оқырмандар үшін де қазақтың төл тарихын баяндайтын таптырмас құрал. Кітаптағы деректер арнайы тарихи жинақтардан алынды. Оқырмандарға Алаш демократиясы мен өркениетті қоғамды қалыптастыру жайында дұрыс бағыт береміз деп ойлаймын», – дейді баспагер Бақытжан Бұқарбай.

Шара барысында Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев кітаптың ресми тұсауын кессе, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының өкілі спикер Мәулен Әшімбаевтың арнайы құттықтау хатын жеткізді.

Кітап 3 тарауды қамтиды. «Бостандық тұғыры» деп аталатын алғашқы тарауда қайраткерлер арасындағы бауырластық, сөз бостандығы, зайырлылық және діни бостандық, ұлт бостандығы жайында баяндалып, демократияның жеке тұлға мен мемлекетке қажеттілігі, мемлекет бостандығымен аяқталады.

Алаш арыстарының өркениетті қоғам құру жолын баяндайтын кітап жарық көрді

Екінші тарау – «Билік бөлінісіндегі тежемелер мен теңестірмелер жүйесі». Биліктің бөлінісі, әр билік тармағының өзіндік ерекшелігі, халықты басқару, милиция жасақтау туралы Алаш арыстарының идеясы жазылған бұл тарау сізді қызықтырып әкетері сөзсіз.

«Саяси қатысу» соңғы тарауында қазақ құрылтайы, дауыс беру жүйесі, саяси партияның қажеттілігі мен жұмысы туралы жазылған. Бұл қазіргі таңдағы өзекті тақырып десек қателеспейміз.

Шараны белгілі журналист Нартай Аралбайұлы жүргізіп, қатысушылармен кітапты қызу талқыға салды. Оқырмандар тарапынан туындаған түрлі сауалдардан туындының оларды бей-жай қалдырмағаны байқауға болады.

Айта кетейік, кітапты «Меломан» дүкендер желісінен сатып алуға болады.

Алаш арыстарының өркениетті қоғам құру жолын баяндайтын кітап жарық көрді

Алаш арыстарының өркениетті қоғам құру жолын баяндайтын кітап жарық көрді

https://turkystan.kz/article/212592-alash-arystarynyn-orkenietti-kogam-kuru-zholyn-bayandaytyn-kitap-zharyk-kordi/

Leave A Reply

Your email address will not be published.