Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Азия чемпионатының ширек финалына шықты

75
lympic.kz
https://turkystan.kz/article/263221-ustel-tennisinen-alan-qurmangaliev-aziia-cempionatynyn-sirek-finalyna-syqty

Алан Құрманғалиев жастар арасындағы Азия чемпионатының 1/8 финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ташкентте өтіп жатқан үстел теннисінен жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар жоғары деңгей көрсетуде. Осы турнирдің басты кейіпкерлерінің бірі болған Алан Құрманғалиев ерлер арасындағы жарыста сенімді түрде ширек финалға жолдама алды.

1/8 финалда қазақстандық спортшы Оңтүстік Корея өкілі Ли Чонмокпен кездесіп, 4:0 есебімен айқын жеңіске жетті. Бұл матч Құрманғалиевтің толық бақылауында өтіп, қарсыласқа еш мүмкіндік берген жоқ.

Келесі айналымда Алан Тайбэйлік Хун Цзинь-Каймен кездеседі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.